Ауыр атлетика

Монғолияда этникалық қазақ ауыр атлетикадан чемпион атанды

news-banner7
mobile-news-top

Монғолияда ауыр атлетикадан өтіп жатқан турнирде этникалық қазақ алтын медаль жеңіп алды. Турнир 3-4 ақпанда өтті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, kaznews.mn-ге сілтеме жасап.

Ел чемпионатына этникалық қазақ Алтынбек Молбайұлымен бірге 190 спортшы қатысты. Жарыста 16 рекорд жаңартылды.

Алтынбек Молбайұлы екі жрыстың қорытындысы бойынша 50 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Жұлқи көтеруде 55-77 келі көтерді.

69 келі салмақ дәрежесінде Тілек Ерболұлы күміс медаль, 56 келі салмақта Қызыр Біржанұлы қола жүлдегер атанды.

Қыздар арасында 53 келі салмақта Арай Талғатқызы қола медаль иеленді.

Айта кетейік, Баян-Улгий аймағында ауыр атлетика спортынан этникалық қазақ Талғат Мұхаметқалиұлы жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер