Футзал

ElDia.es: Қазақстан бес адаммен шабуылдайды

ElDia.es: Қазақстан бес адаммен шабуылдайды
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық ElDia.es сайты жартылай финалдық кездесуге арнайы мақала жариялады, деп хабарлайды prosports.kz.

«Бұл ойында Испанияға үздік ойынын көрсету қажет. Қазақстан – ойын айласы бойынша өте қиын қарсылас. Олар бес адаммен шабуылдайды. Игита қақпаны тастап жүреді. Тактикалық Дуглас пен Тайнан қамтамасыз етеді. Ал барлығын құрамадан кететінін мәлімдеген әлемнің үздік бапкері — Какау басқарып тұрады. Сонымен қатар, жеті ойыншы сол Какау жаттықтыратын «Қайратта» ойнайды. Испания Қазақстан сынды «қатып қалған» қарсыласқа аса жігерлене дайындалуда», — деп жазуда басылым.

Естеріңізге салайық, бүгін ЕУРО-2018 турнирінің жартылай финалында Қазақстан Испаниямен кездеседі. Тікелей көрсетілім «Хабар» телеарнасында Астана уақытымен сағат 02:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер