Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.

Ресейлік клуб кезінде Неймарды менсінбей қойған

Журналист
Ресейлік клуб кезінде Неймарды менсінбей қойған

Мәскеулік «Локомотивтің» бұрынғы президенті Николай Наумов он жыл бұрын ресейлік клуб қазіргі футбол жұлдызы Неймарды сатып алмақ болғанын айтты.

Наумовтың сөзіне сенсек, «теміржолшылар» Неймарды Mediterranean Cup-2008 турнирінде байқап қалған. Бірақ «Локомотив» басшылары Неймардың жасы мен әлжуаздығынан сескеніп, бұл трансферді қатерлі деп есептеген.

«Оны аламыз ба, жоқ па, деп көп ойландық. Сатып алғымыз келген. Селекционерлер бразилиялықты бақылап жүрді. Бірақ күмән көп болды. Біріншіден, ол өте жас еді. Екіншіден, Ресейге қалай бейімделері белгісіз. Ол өте нәзік әрі әлжуаз жігіт болатын. Сондықтан, одан бас тарттық», - деді Наумов.

Николай Наумов 2008 жылы Неймардан болашақ әлем жұлдызы шығатынын күтпегенін мойындады.

Естеріңізге сала кетсек, Неймар 2017 жылы «Барселонадан» франциялық ПСЖ-ға 222 миллион еуроға ауысқан болатын. Бұл футбол тарихындағы рекордтық трансфер саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.