Теннис

Федерация кубогы: Путинцева мен Дияс жұптық бәсекеде жеңіске жетті

Федерация кубогы: Путинцева мен Дияс жұптық бәсекеде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Нью-Делиде (Үндістан) Федерация кубогы аясында Қазақстан құрамасы Гонконг командасымен күш сынасты.

Бірінші кездесуде Зарина Дияс гонконгтік Хо-Чинг Вуды (1123) — 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірген еді. Одан кейін кортқа шыққан Юлия Путинцева Кван Яу Нгді (966) 6:1, 6:0 есебімен оңай ұтты.

Зарина мен Юлия жұпсатып өнер көрсету сәтінде де осы жеңісті жолды жалғастырды. Қазақстандық қыздар Чонг Э.Вонг/Чжан Лин жұбын 6:1, 6:3 есебімен қапы қалдырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ертең отандастарымыз екінші кездесуін Азия/Океания аймағының «А» тобында Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер