Бокс

«Astana Arlans» бокс клубын тағы бір Олимпиада чемпионы басқарады

«Astana Arlans» бокс клубын тағы бір Олимпиада чемпионы басқарады
news-banner7
mobile-news-top

Бахтияр Артаев «Astana Arlans» бокс клубының жаңа бас менеджері болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтің баспасөз қызметі.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында туған. 2004 жылғы Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері. Жеті мәрте Қазақстан чемпионы, екі дүркін Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2005, 2007), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2006). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.

Бахтияр Ғарифоллаұлы жоғары білімді маман (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы), Заң ғылымдарының магистрі, басқару бакалавры, дене шынықтыру мұғалімі, бокс жаттықтырушы. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Ұлыбританияда білім алған.

Бұған дейін де жауапты Мемлекеттік қызметтер атқарған. 2009 жылы Жамбыл облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Тараздағы Бахтияр Артаев атындағы Бокс сарайының директоры болды.

2011 жылдан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылдың 24 желтоқсанынан бастап «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының президенті болды. 2013 жылдың 14 қарашасында WSB Комиссиясына қосылды. 2016 жылдан бастап Бахтияр Артаев «Тарлан Батырлары» ЖШС-нің директоры болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Арландары» клубының бірінші бас менеджері болып 2010 жылы Болат Тоқтарұлы Манкенов тағайындалған. Содан кейін бұл қызметті Олимпиада чемпионы Серік Жұмағазұлы Сапиев атқарып келген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер