русский язык
Бокс

Шахрам Гиясов: Головкин – біздің жігіт, біз GGG-ді қолдаймыз

news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-та кәсіпқой бокстағы дебютіне дайындалып жатқан өзбекстандық Шахрам Гиясов 5 мамырда өтетін Геннадий Головкин – Сауль Альварес рематчы туралы ойын айтты.

«Кімнің жеңетінін айту қиын. Бірақ, әрине, Головкин – біздің жігіт, біз Головкинге жақтасамыз. Өте жақсы жекпе-жек болмақ», - деді Гиясов Villainfy Media-ға берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Гиясов финалда қазақстандық Данияр Елеусіновтен ұтылып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;