Футбол деген бір ғажап!

Премьер лигада 226, ұлттық құрамада 26 футболшы өнер көрсетеді

Премьер лигада 226, ұлттық құрамада 26 футболшы өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

2017 жылы Премьер лигада 220-дан аса отандық ойыншылар доп тепті. Ал ұлттық құрамамыздың кездесулерінде 26 футболшы ғана алаңға шығып, ел намысын қорғады.

Біздің бас командамызда шетел чемпионаттарынан шақырылатын да ешікім жоқ. Демек, ел чемпионатында өнер көрсететін өзге 200 ойыншы тек клубтық деңгейден аса алмауда. Сонда олар елдің ең жоғары чемпионатында өнер көрсете тұра ұлттық құраманың босағасынан сығалай алмай жүре бере ме?

Осы 200 футболшының ішінде еліміздің жастар командалары үшін тер төгіп жүргендері де санаулы ғана. Себебі, еліміздің жастар құрамасында (U-21) көбіне бірінші-екінші лиганың футболшылары ойнайды. Ал жасөспірімдер құрамасына (U-19) жолдама алатын ойыншылардың барлығы екінші лигада доп тебеді.

相关图片

Әрине, преьер лигада жүрген футболшылардың бәрі ұлттық құрама деңгейінде болсын демейміз. Бұл мүмкін де емес. Бес саусақ ешқашан теңеспейді де. Бірақ, тым құрығанда ұлттық құрамаға шақыруға жарайтын 50 футболшы болғанда жақсы болар еді. Сонда командада бәсекелестік артып, деңгейіміз көтерілер еді.

«Бапкерлердің білері осы ойыншылар ғана!» деп кінә тағудың еш жөні жоқ. Себебі, бас команданың жейдесін киіп жүргендер елдегі ең тәуір футболшылар. Ұлттық құраманың әр жолғы оқу-жаттығу жиынына шақыртылатындар сол 30 ойыншы. Бапкерлер құрамында басқа таңдау да жоқ. Айналып келіп, барымен базар жасайды.

Жақында ғана қызметінен кеткен ресейлік маман Александр Бородюк бірде, «Қазақстанда Еуропалық деңгейде ойнай алатын екі-ақ футболшы бар», - деп салған еді. Бұл жерде жеңілістің бар жауапкершілігін ойыншыларға артып, өз басын арашалауды ұнататын ресейлікті жақтап отырған жоқпыз. Бірақ, жоғары деңгейде ойнай алатын футболшыларымыз Бородюк айтқандай екеу-ақ болмаса да, саусақпен санарлықтай ғана екені шындық.

相关图片

Бұның бәрі басекелестіктің жоқтығынан. Егер ұлттық құрамаға үміткерлер көп болса, кез-келген футболшы тынбай еңбектенер еді. Еуропада «Реал Мадрид», «Барселона», «Бавария» қатарлы клубтарда доп тепсе де өз елінің ұлттық құрамасына шақырту ала алмай жүрген футболшылар жетерлік. Себебі, бәсекелестік жоғары. Сәл босаңсыса болды құрамадағы орнынан айырылып қалады.

Сөз соңында баса айтарымыз, жоғарда айтқан Премьер лигада өнер көрсететін 200-ден аса футболшының кем дегенде 50-і ұлттық құрама деңгейіне жетсе, бас командамыз бүгінгіден әлдеқайда жақсы өнер көрсетер еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер