Ұлттық спорт

Алматыда құсбегілердің республикалық турнирі өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Ақпанның 8-і мен 10-ы аралығында Алматы қаласының ипподромында (Омарова 10 А көш-сі) ұлттық спорт түрінен «Қыран-2018» атты құсбегілердің республикалық турнирі өтеді.

Айтулы доданың басты мақсаты осынау жақсы үрдісті еліміздің мәдени, рухани ордасы – Алматы қаласында қайта жаңғыртып, қолға алу мақсатында, биылдан бастап Қыран құс баптаушылардың жарысын өткізуді дәстүрге айналдыру.

Республикалық турнирге Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Астана қаласынан 60-қа жуық құсбегілер қатысады.

Жарыс екі кезеңнен тұрады: құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі, құсты ат үстінен қолға шақыру, шырға тарту (бірінші кезең) аяқталып, іріктелген бүркіттер - финалдық кезеңде қоянға, түлкіге салынса, жарыстың екінші кезеңінде қаршыға мен ителгілер қолға шақырылады, көгершінге, қоянға жіберіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер