«Құпия» ақпарат

«Қайрат» уругвайлық шабуылшыны қаншаға сатып алатыны белгілі болды

«Қайрат» уругвайлық шабуылшыны қаншаға сатып алатыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» клубы уругвайлық шабуылшы Уго Сильвейраны жалға алады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Pasion Tricolor порталына сілтеме жасап.

24 жастағы футболшының «Қайраттағы» жалақысы қазіргі «Насьональ» клубында алған айлығымен бірдей болмақ. Ал жалға алу мерзімі аяқталған соң алматылық клуб уругвайлық шабуылшыны 1 миллион 600 мың АҚШ долларына сатып ала алады.

Уго Сильвейра алдағы бір-екі күнде «Кайратпен» келісімшартқа отыру үшін Алматыға ұшып келмек.

Әйгілі немістің Transfermarkt сайтының мәліметінше, уругвайлық шабуылшының нарықтағы құны 1 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, «Қайраттың» сұрмергені Жерар Гоу Қытай біріншілігіне ауысты. Құрамда тек жас шабуылшы Чума Анене ғана қалды. Ал «Насьональ» клубы уругвайлық ойыншыны 2018 жылғы маусымның соңына дейін жалға бермек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер