Criminals
Күрес

Видео: Дағыстанның премьер-министрі арнайы операция барысында ұсталды

Видео: Дағыстанның премьер-министрі арнайы операция барысында ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Дағыстанда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен республика басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды prosports.kz.

Дағыстанның спорттық күрес федерациясының басшысы әрі премьер-министрі Абдусамад Гамидов және оның орынбасарлары ФСБ-ның арнайы операция барысында құрықталды. Аталмыш оқиғаның видеосы бүгін Ресейдің тергеу комитетінің YouTube-каналында жарық көрді.

«Тінту жұмыстары барысында Абдусамад Гамидовтан ТТ маркалы алтын тапанша, екі Калашников автоматы және ату жарақтары табылды. Жақын күндері тергеу органдары лауазымды тұлғаларға айып тақпақ», - делінген тергеу комитетінің хатында.

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, күдіктілер Дағыстаннан Мәскеуге жеткізілді және ФСБ-ның орталық аппаратында тергеледі.

Айта кетейік, Абдусамад Гамидов КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ДР спорттық күрес федерациясының президенті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер