Criminals

«Спортингтің» негізгі қорғаушысы допингпен ұсталды

«Спортингтің» негізгі қорғаушысы допингпен ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Лиссабондық «Спортингтің» қорғаушысы Дугластың допинг-сынамасынан тыйым салынған дәрілер табылды. Бұл жайлы футболшы өзінің Инстаграм парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz A Bola басылымына сілтеме жасап.

30 жастағы қорғаушы допингтің дәріден жұққанын айтуда.

– Өткен жылдың сәуір айында допинг тесттен сүрінгенімді сіздерге қайығымен атқым келіп отыр. Шын жүректен айтайын: өзімінің спорттық нәтижелерімді жақсарту үшін ешқандай тыйым салынған препарат қолданған жоқпын. Мен қолданған несеп айдайтын дәрі WADA-да допинг саналады екен. Мен өз қатемді мойындаймын және кешірім сұраймын.

Айта кетейік, қазіргі таңда Дуглас «Спортингтің» жаттығулрынан шеттетілді.

Естеріңізге салайық, «Спортинг» пен «Астана» Еуропа лигасының 1/16 финалында күш сынасады. Бірінші ойын 15 ақпанда Астанада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер