Жерар Гоу Қытай чемпионатына ауысқанын растады

Жерар Гоу Қытай чемпионатына ауысқанын растады
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Жерар Гоу мансабын Қытайда жалғастырады.

Бұл туралы Prosports.kz тілшісіне ивуариялық форвардтың өзі мәлім етті. Алайда нақты қай клубқа ауысқаны құпия.

Ал қытайлық БАҚ өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, Гоу чемпионаттағы үздік бес команданың біріне ауысқан екен.

Айта кетейік, Жерар Гоу 2014 жылдан бері «Қайрат» сапында барлық турнирде 138 матчқа қатысып, 99 гол соққан болатын. 29 жастағы шабуылшы қатарынан үш маусымда Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер