Теннис

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы бес кездесудің төртеуін жеңді

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы бес кездесудің төртеуін жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Астанада өткен Дэвис Кубогының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Швейцариядан басым түсті. Отандастарымыз жалпы бес кездесудің төртеуін өз пайдаларына шешті.

Жарыстың алғашқы күні бірінші болып бақ сынаған Дмитрий Попко Генри Лааксоненды жеңісе, екінші болып кортқа шыққан Михаил Кукушкин Швейцария елінің теннисшісі Адриан Бодмерден басым түскен болатын. Осылайша, қазақстандықтар жарыстың бірінші күнінде 2:0 есебімен алға шықты.

Ал екінші күнгі бәсекеде жұптасып өнер көрсеткен Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин швейцариялық Марк-Андреа Хуслер мен Лука Маргароли жұбын қапы қалдырды. Сөйтіп Қазақстан құрамасы жарыс аяқталуына бір күн қалғанда ширек финалға жолдама алып үлгерген еді.

Бүгін өткен алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші Роман Хасанов швейцариялық Марк-Андреа Хуслерге есе жіберіп алған еді. Бірақ, одан кейін кортқа шыққан Дмитрий Попко қарсыласы Адриан Бодмерді 7:6, 1:6, 10:6 есебімен жеңді.

Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы 4:1 есебімен Швейцария теннисшілерін жеңіп, Дэвис Кубогының келесі кезеңіне жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер