Командалық

Бас бапкер Қазақстан құрамасының сәтсіздігі туралы пікір білдірді

news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден Әлем чемпионатында қола үшін таласқан Қазақстан құрамасы Финляндиядан 4:8 есебімен жеңіліп, жүлдесіз қалған еді.

Осы сәтсіздіктен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Ілияс Хандаев пікір білдіріп, ойын жайлы сөз қозғады.

«Ойынға келсек, бәрі айтылды. Егер мен мұнда еш эмоциясыз, бос кеуектей отырсам, балаларға одан да қиын, олардың да көңіл-күйі жоқ. Ойын нәтижесіне қарасақ, менің алғашқы қадамым сәтсіз болған секілді. Командаға көңілім толады. Олар аз ғана уақытта жиналды. Біз команданы тактикалық схемалармен ғана емес, тұтас ұжым ретінде біріктіруге тырыстық", - деді І.Хандаев баспасөз мәслихатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер