«Құпия» ақпарат

Жерар Гоу қытайлық клубқа ауысты

Жерар Гоу қытайлық клубқа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Өткен маусым аяқталысымен «Қайрат» клубынан кеткен ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу жаңа команда тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Былтырғы маусым аяқталысымен «Қайраттан» кеткен Гоу еркін агент ретінде жаңа команда іздеген. Шабуылшы сербиялық «Партизанмен» келіссөздер жүргізген болатын. Алайда Жерар Гоудың сұраған жалақысын сербиялық команда қанағаттандыра алмаған. Артынша Жерар Гоу уругвайлық «Насьонал» клубымен келіссөздер жүргізген. Ивуарлық футболшы келісімшартқа отырады деп күтілген. Алайда қос тарап футболшының жалақысына байланысты ортақ шешімге келе алмаған.

Дегенмен Жерар Гоу жаңа команда тапты. Бүгін ивуарлық футболшы қытайлық клубпен келісімшартқа отырды. Алайда нақты қай команда екені әзірге белгісіз болып отыр.

Жерар Гоу мансабында ивуарлық «ЖК Абиджан», марокколық «Хассани Агадир», швейцариялық «Ксамакс», түркиялық «Денизлиспор» мен «Кайсери Эрджиесспор» және ресейлік «Краснодар» командаларында өнер көрсеткен. Кот-д’Ивуар Олимпиадалық құрамасында 5 ойын өткізіп, 3 гол соққан.

Алматылық «Қайратқа» 2014 жылдың жазында ауысып келген. «Кайсери Эрджиесспор» клубының сапында Түркия бірінші лигасында топ жарған. Қазақстан Премьер-лигасының күміс және қола жүлдегері. Қазақстан кубогының екі дүркін және суперкубогының жеңімпазы. Марокко мен Қазақстан чемпионатының, Түркия бірінші лигасының үздік сұрмергені атанған. 2015 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үздік ойыншысы.

Африкалық Jeune Afrique журналының мәлімдеуінше Жерар Гоу жылына 2 миллион евро жалақы (Айына 165 000 еуро) белгілі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер