Футзал

Какау: Біз жеңіске лайық болдық

Какау: Біз жеңіске лайық болдық
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау Еуропа чемпионаты аясында өткен Ресейге қарсы матч туралы пікірін білдірді, деп жазады Prosports.kz.

- Алғашқы бес минутта Ресей құрамасы бізге қарағанда жақсы қимылдады. Олар Польшаға қарсы ойындағыдай, бізге көп щабуылдады. Біз гол жіберіп алғаннан соң ғана жақсы ойнай бастадық. Бірінші тайм 3:1 есебімен біздің пайдамызға шешілуі қажет еді. Алайда есеп өзгермеді.

Екінші таймда тәуекелге бел буып, 5-ке 4 ойнай бастадық. Игитаның қосылуы қосымша күш болды. Оның пасы Дугластың гол соғуына септігін тигізді.

- Жарақат алған Есенаманов, Тайнан, Нұрғожиннің жағдайлары қалай?

- Тайнан ойынды жалғастырады. Нұрғожинде бәрі жақсы. Ал Есенманов туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Келесі ойын алдында белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер