Велоспорт

Дархан Калетаев велоспорттың 2018 жылғы жоспарымен бөлісті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандағы велоспорт жыл сайын дамуының оң серпінін көрсетуде. Жақын уақыттан бері Мәдениет және спорт министрлігі тас жолдағы велоспортты елдегі басым спорт түрлерінің бірі ретінде ресми танитын болды, ал тректегі велоспорт, өз кезегінде, қарқынды өрлеу кезеңіне жетті. Өткен маусым бұны растады. Алайда, егер 2017 жыл тас жолдағы құрама командасының Азия чемпионатындағы тамаша нәтижелерімен, Алексей Луценконың «Вуэльта» кезеңіндегі жеңісімен, алғашқы рет көпкүндік форматында өткен «Алматы турымен», Никита Панасенконың Әлем кубогының екі кезеңіндегі ерекше жетістігімен қазақстандықтардың есінде қалса, 2018 жыл одан аса оқиғаға толы және жарқын болатын түрі бар. ҚВСФ баспасөз-қызметінің хабарлауынша, Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті Дархан Калетаев жаңа маусымға арналған мақсаттар мен жоспарлар туралы баяндады.

«Жыл жақсы жаңалықтардан басталды: жақын арада «Apple Team» алматы велокомандасы континенттік мәртебесіне ие болды. Енді ол, кәсіби «Astana», «Astana Women’s Team», континенттік «Astana City», «Vino Astana Motors» и «Track Team Astana» командалармен қатар, халықаралық жарыстарда еліміздің мүдделерін білдіретін болады. Енді алдымызда маунтинбайкте де өз клубымыз пайда болуы үшін барлық жағдай жасау міндеті тұр», – деді Дархан Калетаев.

««Астанаға» қатысты, мақсаты – Гранд-турлардың біріндегі подиум деп айта аламын. Осы маусымның құрамы жас, дарынды жігіттер, олардың мүмкіншіліктері бар. Оған қоса, құрамның үштен бір бөлігі –қазақстандықтар, сондықтан тағы да бір маңызды мақсат – отандық жарысушылар үшін тәжірибе алу. Менің ойымша, Луценко осы маусымда өзін өткен маусымнан кем емес жарқын көрсетеді».

Бұлардың бәрінен басқа, 2018 жыл қазақстандық жарысушылар үшін тағы екі айтарлықтай себеп бойынша маңызды болды: маунтинбайкерлер мен трекшілерде Олимпиада ойындарына лицензияны алу үшін ұпайлар жинау басталады, ал тамыз айының ортасында Жазғы Азия ойындары басталады.

«Азия ойындары – біздің велосипедшілер үшін маусымның маңызды бастау сәті, – деп атап өтті велоспорт федерациясының президенті. – Қазақстан Азия континентінде велоспорт бойынша көшбасшылық орынға ие болып отыр, және де біз үшін осы мәртебені сақтау өте маңызды. Сондықтан дайындық ұлттық құрама командасының спортшылары дәл Азия ойындарына ең жоғары нәтижелермен шығуына бағытталатын болады. Сөзсіз, ең жоғары нәтижелерді юниорлардан күтеміз. Юниорларды Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары да күтеді. Қазақстандық юниорлар өткен маусымда Ұлттар кубогының барлық кезеңдері бойынша әлемдік рейтингте екінші орынға ие болғанын ескере отырып, 2018 жыл есте қаларлық болатыны ықтимал».

Халықаралық жарыстарды өткізу Қазақстандағы велоспортты дамытудың ең маңызды шарттарының бірі деп есептейді Дархан Калетаев: «Халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде өткізу үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Бұл жақсы тәжірибе және өзін таныту үшін тағы да бір себеп екенін түсіну қажет. 2018 жылы ең кемінде 2 халықаралық жарысты өткізу жоспарланады. Оның бірі – трек бойынша жарыс, оған жақын шетелден командалар шақырылған. Және, әрине, биыл алтыншы «Алматы туры» жарысы өтеді. Өткен жылы жарыс көпкүндік мәртебесіне ие болып, үлкен табысқа жетті. Алматы қаласының әкімдігі биыл да жарысты екі күн ішінде өткізу идеясын қолдайды. Әлбетте, келешекте біз «Алматы турын» одан гөрі ауқымды жобаға айналдыру үшін бар күшімізді салатын боламыз.

«Тұтас алғанда, федерация велоспортты барлық бағыттарда дамытуға тырысады. Біз кәсіптік спортты ғана емес, әуесқойлық спортты да қолдаймыз. Қазақстанда велоспорт әуесқойларының саны жылдан жылға көбейіп келеді деп сеніммен айта аламын, және біз дамып келе жатқан велоқауымдастықтарға әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз. Бір апта бұрын Астанада алғашқы рет әуесқойлар арасында тректегі велоспорт бойынша чемпионат өтті, жарыс Қазақстанның түпкір-түпкірінен және, тіпті Ресейден де, көптеген қатысушыларды жинағаны қуантады», – деп хабарлады Дархан Калетаев.

Түпнұсқасы: cycling.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер