Жеңіл атлетика

Азия чемпионаты: Эстафетадан қыздар айқын басымдықпен жеңіске жетті

Азия чемпионаты: Эстафетадан қыздар айқын басымдықпен жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарының үшінші күнінде әйелдер арасында 4х400 метрлік эстафетадан Қазақстан қыздар құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың аға бапкері Любовь Никитенко Виктория Зябкина, Элина Михина, Светлана Голендова, Аделина Ахметоваға сенім артты.

Ашхабадтағы Азия ойындарында қолда тұрған жеңістен техникалық қателіктерге байланысты айырылып қалған еді. Осы жолы ондай қателіктер болған жоқ. Біздің қыздар 3:41.67 минутта мәреге жетті. Екінші орындағы Иран қыздары 10 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті Түркіменстан қорытындылады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатынан 7 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль еншілеп үлгерді. Қыздардан тек бессайысшы Надежда Кирнос қалды. Ал түстен кейін жарыс жолына жігіттерден 4х400 метрлік эстафета құрамасы шығады.

Жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты. 3 ақпан. Иран, Тегеран. 4х400 метрлік эстафета, әйелдер:

1.Қазақстан – 3:41.67 мин

2. Иран – 3:51.39+

3. Түркіменстан – 3.58.81.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер