Баскетбол

Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан қаза тапты

Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан қаза тапты
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-та NBA-ның бұрынғы баскетболшысы Расул Батлер жол апатынан қаза тапты. Бұрынғы баскетбол жұлдызымен бірге оның жұбайы да көз жұмған деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған prosports.kz сайты.

Жылдамдықты асырған көлік тұрақ есептеуішіне соғылып, кейін ғимарат қабырғасына соқтығысып аударылған.

Полицияның айтуынша, көлікті тізгіндеген адам жылдамдықты екі еседен де асырып жіберген. Соңы адам қазасымен аяқталған жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, баскетболшы соңғы рет «Сан-Антонио Спёрс» клубында өнер көрсеткен. Жалпы ол NBA-да 809 матч өткізген екен.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер