Футзал

Михаил Першин: Плей-офф кезеңі қателікті кешірмейді

Михаил Першин: Плей-офф кезеңі қателікті кешірмейді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Польшаны жеңіп турнирдің ширек финалына шыққан болатын. Ойыннан соң Қазақстан құрамасының ойыншысы Михаил Першин Prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Жеңіс құтты болсын! Ойын қаншалықты қиын болды?

- Ойынның қортынды есебіне қарап кездесу оңайға соққан болып көрінуі мүмкін. Бірінші таймда дер уақытында гол соғып алғанымыз жақсы болды. Ойын басымдығына ие болған соң қарсыласқа бірдең жасау қиын болып қалды. Оның үстіне Какау стандартты жағдайға көп көңіл бөлуді тапсырды.

-Голыңызды кімге арнадыңыз?

-Барлық голымды отбасыма, достарыма және жанкүйерлерге арнаймын.

- Ширек финал жолдамасы қалтада. Ресеймен ойында бірінші орын үшін таласу маңызды ма? Мүмкін плей-офф кезеңіне күштеріңізді сақтап қалу керек шығар.

- Мүмкін, күшті сарқып алмау керек шығар. Бұл туралы Италия мен Сербия кездесуінен соң айтқан дұрыс шығар. Плей-офф кезеңі қателікті кешірмейді. Кейін бапкер кіммен ойнау тиімді болатынын айтатын болады.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында Польша құрамасын жеңіп турнирдің ширек финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер