Футзал

Азамат Айтхожин: Польшамен ойын біздің құрамамен санасу керектігін көрсетті

Азамат Айтхожин: Польшамен ойын біздің құрамамен санасу керектігін көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин футзалдан Еуропа чемпионаты аясындағы Польшамен болған тұсаукесер ойыннан соң Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

- Біздің құраманың орындауында керемет ойын болды. Ең бастысы бірінші ойында жеңіске жетті. Бұл психологиялық тұрғыдан үлкен рөл атқарады. Ұлттық құраманың бапкерлері коандамызды ойынға жақсы дайындай алды. Ал ойыншылар өз кезегінде сенімді ақтап жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Шетелдік мамандар біздің құрамамен санасу керектігіне тағы да көз жеткізді. Алда Ресей құрамасымен қиын ойын күтіп тұр. Жанкүйерлер біздің құрамаға сенеді! - деді Азамат Айтхожин.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында Польша құрамасын жеңіп турнирдің ширек финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер