Теннис

Юлия Путинцева Тайбэй турнирінің ширек финалына жолдама алды

Юлия Путинцева Тайбэй турнирінің ширек финалына жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші, әлемнің 51-інші ракеткасы Юлия Путинцева Тайбэй турнирінің ширек финалына шықты.

Ол бүгін дүниежүзілік рейтингте 273-інші орында тұрған турнир қожайыны Чжан Кайчжэньден басым түсті. Кезедсу тағдыры екі сетте шешілді. 1 сағат 48 минутқа созылған кездесуде Юлия 6:3, 7:3 есебімен жеңіске жетті.

Путинцева жартылай финал жолдамасын әлемнің 85-інші ракеткасы украиналық Катерина Козловамен сарапқа салады. К.Козлова бірінші айналымда осы турнирдің екінші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуайды, бүгін оның отандасы Йин-Йин Дуаньды жолдан тайдырған болатын.

Кездесу 2 ақпан күні Астана уақытымен 08:00 де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер