русский язык
Жеңіл атлетика

Тегерандағы жабық кешендегі Азия чемпионатына 23 елдің спортшылары қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Иран астанасы Тегеран қаласында өтетін жабық кешендегі Азия чемпионатына 23 елдің жеңіл атлеттері қатысуға өтініш білдірген.

Азия чемпионаты 1-3 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған. Алдын-ала мәлімет бойынша жарысқа 300-ден астам спортшы келуі тиіс. Олар сары құрлықтың 23 елінің намысын қорғайды. Сарапшылардың пікірінше, кейбір мемлекеттер Тегерандағы соңғы саяси жағдайларға байланысты қатысудан бас тартқан.

Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 25 спортшыны апарады. Спортшылардың саны жөнінен Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Иран жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Париса Бехзади жарыс қожайындары сапынан 29 спортшы өнер көрсетеді деп хабарлады.

Жалпы, жабық кешендегі Азия чемпионатында 26 сайыс түрі бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Нақтырақ айтсақ, ерлер 13, әйелдер 13 сайыс түрінен сынға түседі.

60, 400, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, сырықпен секіру, үш қарғып секіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, ядро серпу, көпсайыс (ерлерде – жетісайыс, әйелдерде –бессайыс).

Жабық кешендегі Азия чемпионатының тарихы 2004 жылдан бастау алады.Тегеранда бұған дейін аталған жарыс екі рет өткізілген. Бұл жолы да құрлық біріншілігін «Афтаб Энгелаб» спорт кешені қабылдайды.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;