«Астана» өз алаңында «Спортинг» командасын жеңе ала ма

news-banner7
mobile-news-top

15 ақпан күні «Астана» өз алаңында Еуропа Лигасының 1/16 финалы аясында Португалияның «Спортинг» командасын қабылдайды.

Букмекерлік кеңселер қазақстандық команданың өз алаңында «Спортинг» клубын жеңе алатынына сенбейді. Қайта, қонақтарды фаворит деп санайды. «Астана» командасының жеңісіне 3,80 коэффициент ұсынуда. Ал португалиялықтардың жеңісіне 2 коэффициент, тең ойынға 3,5 коэффициент беріп отыр.

Бірақ, бұған бола қазақстандық жанкүйерлердің көңіл-күйін түсіруіне еш себеп жоқ. Кімнің жеңімпаз болатынын букмекерлік кеңселердің болжамы емес, ойын көрсететін болады.

Кездесу «Астана Арена» алаңында 15 ақпан күні Астана уақтымен 22:00 де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер