Criminals
Басқа

Жанпейісовке қатысты сот үкімі шықты

Жанпейісовке қатысты сот үкімі шықты
news-banner7
mobile-news-top

Астанада «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жетекшісі Қайыргелді Жанпейісов пен бендиден ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Марат Мәнгүбаевтың ақша жымқыру қылмыстық ісі бойынша сот үкімі жариялады, - деп хабарлайды prosports.kz отандық Время басылымына сілтеме жасап. Қылмыскерлер көлемді сомма ұрлағанымен (біріншісінде 10 миллион, ал екіншісінде шамамен 140 миллион тенге) бас бостандығынан айырылмады.

Естеріңізге салайық, желіде ірі спорт шенеунігінің 2017 жылдың қараша айында 10 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған видеосы жарияланған болатын. Аталмыш жағдайды Астана қаласы сотының баспасөз қызметі де растаған.

Сот отырысында сөз алған Жанпеисов мырзаның айтуынша, ол шорт-тректен ұлттық құраманың болашағы үшін алаңдаған алға салды. Қысқы Олимпиадада биік тұғырға көтерілуі мүмкіндігі бар шорт-трекшілерімізге керек витаминдердің жоқтығы оның жүрегіне батқан. Не де болса спортшыларымызға «көмектесемін» деген ойды ұстанған Қайыргелді Мұсагитович бюджетті ақтаруға бел буады. Бір айта кетерлігі, ол қаражат мәдениет, спорт және дене шынықтыру министрлігінің бюджетінде қарстырылмаған еді.

Бір күні оңтайлы сәт түсіп, допты хоккейден ұлттық құраманың бапкері Марат Мәнгүбаев қызметтік хатпен келіп, команданың ОЖЖ үшін бюджеттен 20 миллион теңге бөлуді сұрайды. Шорт-трекшілердің «болашағын ойлаған» Жанпеисов мүмкіндікті қолданып, Марат Халелович мырзаға тек қана «жақсы іс» үшін 10 миллион теңгесін шорт-трекшілерге беруін талап етеді. Біраз ойланған мемлекеттік бапкер ірі шенеуніктің оны қылмысқа итермелеп отырғанын түсініп, аталмыш оқиғаны антикоррупциялық органдарға жайып салады. Еш нәрсені сезбеген Жанпеисов екінші рет бас бапкерді шақыртып есепшоттағы 10 миллионды қолма-қол ақша етіп беруін сұрайды. Мәнгүбаевтың келісімін ала сала Қайыргелды мырза бухгалтерына жоғарыда аталған сомманы бапкердің есепшотына аударуды бұйрық етеді. Ақша түсіп, оны шешіп алған Марат мырза Жанпеисовке апарып тапсырады. Ал қалған жағдай бұған дейін жариялаған видеомызда көрсетілген.

Сот отырысында Қайыргельды Жанпеисовтың сөздері прокурордың сүйегінен өтіп, жүрегіне барды. Ірі шенеуніктің өзіне емес, спортшылардың қамын ойлағанын ескеріп, оны бас бостандығынан айырмауды құптады. Нәтижесінде, Жанпеисов мырза мыйға сыймайтын 4000 айлық көрсеткіштік айыппұлмен (9 миллион 76 мың теңге) құтылды.

Марат Мәнгүбаевқа қатысты сот үкімі одан да гуманды болды. Адамгершіліктері мол судьяларымыз бен мемлекеттік айыптаушыларымыз сегіз эпизод бойынша айыпталған бапкерді шартты жазаға кесті. Екі жыл бойы бюджеттен жалпы саны 140 миллион (15-20 миллионнан әр жиынға алып отырған) теңгені жымқырған Марат Мәнгүбаев 6 жылға шартты түрді бас бостандығынан айырылды. Сот оның шығымды өтеп, қатесін түсінгенін есепке алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер