«Құпия» ақпарат

Жерар Гоу мансабын Уругвай чемпионатында жалғастырады

Жерар Гоу мансабын Уругвай чемпионатында жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Өткен маусым аяқталысымен «Қайрат» клубынан кеткен ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу жаңа команда тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Былтырғы маусым аяқталысымен «Қайраттан» кеткен Гоу еркін агент ретінде жаңа команда іздеген. Шабуылшы сербиялық «Партизанмен» келіссөздер жүргізген болатын. Алайда Жерар Гоудың сұраған жалақысын сербиялық команда қанағаттандыра алмаған.

La Ovacion басылымының мәліметінше, Жерар Гоу уругвайлық «Насьонал» клубымен келісімшартқа отырғалы жатыр. Бірер күнде ивуарлық футболшы Кот-д'Ивуарда Уругвай елшілігі жоқ болғандықтан жұмыс визасын жасату үшін Мысырға аттанбақ. Монтевидео қаласына жете салысымен Жерар Гоу келісімшартқа отырып, Либертадорес Кубогының тізіміне қосылады.

Жерар Гоу мансабында ивуарлық «ЖК Абиджан», марокколық «Хассани Агадир», швейцариялық «Ксамакс», түркиялық «Денизлиспор» мен «Кайсери Эрджиесспор» және ресейлік «Краснодар» командаларында өнер көрсеткен. Кот-д’Ивуар Олимпиадалық құрамасында 5 ойын өткізіп, 3 гол соққан.

Алматылық «Қайратқа» 2014 жылдың жазында ауысып келген. «Кайсери Эрджиесспор» клубының сапында Түркия бірінші лигасында топ жарған. Қазақстан Премьер-лигасының күміс және қола жүлдегері. Қазақстан кубогының екі дүркін және суперкубогының жеңімпазы. Марокко мен Қазақстан чемпионатының, Түркия бірінші лигасының үздік сұрмергені атанған. 2015 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үздік ойыншысы.

Африкалық Jeune Afrique журналының мәлімдеуінше Жерар Гоу жылына 2 миллион евро жалақы (Айына 165 000 еуро) белгілі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер