Criminals
Басқа

Олимпиада чемпиондарын зорлаған құрама дәрігері 175 жылға сотталды

Олимпиада чемпиондарын зорлаған құрама дәрігері 175 жылға сотталды
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан АҚШ құрамасының бұрынғы дәрігері Ларри Нассар сексуалды зорлық әрекет жасағаны үшін 175 жылға сотталды, деп хабарлайды BuzzFeed.

Сот отырысында 170-ке жуық куәгер (спортшылар) Ларридің сексуалды зорлық-зомбылық әрекет жасағанын айтты. Нассар емдеу поцессін сылтауға алып, сексуалды әрекеттерін жүзеге асырған. Сот үкімін шығарған судья Розмари Акуилина оны «өлім жазасына» кесті.

«Мен жана ғана сізді өлім жазасына кестім. Сіз бостандыққа шығуға лайық емессіз», — деді ол.

Өткен жылдың қараша айында Нассар 10 факт бойынша кінәсін мойындады. Оның үстінен 140-тан астам қыз шағым түсірген болатын.Олардың ішінде Олимпиада чемпиондары Симона Байлс, Александра Райсман, Габриэлла Дуглас және Маккайл Мароунилар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер