Футбол деген бір ғажап!

«Астанада» Бахтиер Зайнутдиновке орын жоқ

«Астанада» Бахтиер Зайнутдиновке орын жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионы «Астана» жолдастық кездесуде Ресей чемпионы «Спартактан» басым түсті. Осылайша Еуропа лигасына дайындалып жатқан елордалықтар жақсы деңгейде екендігін дәлелдеді.

Бірақ, біздің айтқалы отырғанымыз бұл жеңіс емес. Стоилов бапкердің ұстанған тактикасы болып отыр.

Болгар бапкері бірінші таймда бұрынғы ойын жүйесіне жаңа ештеңе енгізеген жоқ. Орталық алаңды екі тіреуші, үш шабуылдаушы жартылай қорғаушыға тапсырды. Тек, Срджан Гроховацтың орнына командаға жаңа келген Марко Станоевичті шығарды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Екеуі де бір позицияның ойыншылары.

Бізді таңғалдырғаны Бахтиер Зайнутдиновке сол қапталдағы қорғаушының қызметін тапсыруы болды. «Таразда» шабуылшы ретінде танылған Бахтиер «Астанаға» ауыса сала қорғаушыға айналып кеткені ме деген сұрақ туындап отыр.

Ел чемпиондарының сол қапталдағы қорғанысына Дмитрий Шомко жауап беріп жүргелі бес жыл болды. Осы аралықта ол жанкүйерлерге командада өзін жоқтатпайтын қапталдағы қорғаушы жоқ екенін сездірген де жоқ. Былтыр Премьер лигада Шомко үш ойында ғана алаңға шықпады. Оның екеуінде Берік Шаихов, біреуінде Юрий Логвиненко осы позицияда ойнады. Демек, Дмитрий «Астананың» 99% кездесуіне өзі қатысады.

Биыл Берік басқа командаға ауыспақ. Ал Юрийдің басты міндеті орталық қорғаушы. Бұл дегеніңіз, командада тағы да Шомконы ауыстыратын қосалқы құрам ойыншысы қалмады деген сөз. Елордалықтардың әзірге қорғаушы сатып алатын ниеті де жоқ. Патрик Твумаси клубта қалатын секілді. Бауыржан Жолшиев та қайта оралып жатыр. Демек, шабуыл шебі Бахтиерсіз де бұрынғыдай ойнай алары сөзсіз.

相关图片

Осындай жағдайда білікті бапкер Станимир Стоилов жас футболшыны команданың әлсіздеу тұсына бейімдеп жіберуі әбден мүмкін. Бұндай тәжірибе «Астанада» болған. Оң қапталдағы қорғаушылары Абзал Бейсебеков мансабын шабуылшы болып бастағанын бәріміз білеміз. Ал бүгінде Абзал тәп-тәуір қорғаушы. Алда Бахтиер де Абзал ағасының жолын қуып жатса еш таңғалмаймыз.

Әрине, бір ойынға қарап Зайнутдинов қорғаушы болып кетеді деуден аулақпыз. Бірақ, мұндай мүмкіндікті жоққа шығаруға да болмайды. Жағдайдың қалай өрбитінін уақыт көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер