Дзюдо

Гран При. Қазақстандық дзюдошылар жалпы есепте - көш басында

Гран При. Қазақстандық дзюдошылар жалпы есепте - көш басында
news-banner7
mobile-news-top

Тунисте өтіп жатқан Гран При кезеңінде қазақстандық дзюдошылардың қоржынында 5 медаль бар.

90 келіге дейінгі салмақта белдескен Ислам Бозбаев пен 73 келіде Жансай Смағұлов алтыннан алқа тағынса, Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг) және Виктор Демьяненко (100 кг) қолаға қол жеткізген болатын.

Осылайша, Қазақстан екі алтын және үш қола медальмен көш басын бастап тұр. Ал бір қоласы аз Украина екінші сатыға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер