Дзюдо

Жансай Смағұлов Тунисте топ жарды

Жансай Смағұлов  Тунисте топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Тунисте дзюдодан әлемдік Гран Придің алғашқы кезеңі басталған болатын. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошылар қос қола алып қуантса, бүгін қоржынымызға алтын жүлде келіп түсті.

73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансай Смағұлав қарсылас біткенді қоғадай жапырып жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.

Ширек финалда Жансай Франция елінің намысын қорғаған Акус Бенджаминді жеңсе, жартылай финалда ирандық Мохамед Мохамедиден айласын асырды. Финалда Жансай Смағұловқа косовалық Акил Кгожаков қарсылас атанған. Жерлесіміз финалда қарсыласын иппон әдісімен жеңе алды.

Естеріңізге салсақ, кеше Ғұсман Қырғызбаев пен Ерлан Серікжанов қола жүлдегер атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер