Тағы бір қазақстандық жас футболшы Ресей клубының назарын аударды

news-banner7
mobile-news-top

«Қызылжар» футбол клубының жас шабуылшысы Дмитрий Савченкоға ресейлік «Амкар» командасының назары ауып отыр, деп хабарлайды отандық басылымдар.

16 жастағы жас футболшыны петропавлдық клубтің бұрынғы бас бапкері Владимир Фоминчев негізгі құрамға шақырып көрген. Әрі ол 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі.

Солтүстік қазақстандық талантты футболшыға солтүстіктегі көршіміз Ресейдің «Амкар» клубы қызығушылық танытуда. Ресей Премьер лигасында бақ сынайтын клубтің өкілдері Дмитрийді Пармь қаласына сынақтан өтуге жіберуді сұрап отыр. Бірақ, қазірше қазақстандық тарап бұл талапты қабылдай қойған жоқ.

Осының алдында, «Тараз» командасының түлегі Еркебұлан Сейдехмет Ресей Премьер лигасының командасы «Уфаға» ауысқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер