«Уфа» командасы Еркебұланды басты назарда ұстап отыр

«Уфа» командасы Еркебұланды басты назарда ұстап отыр
news-banner7
mobile-news-top

«Уфа» командасымен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан жас қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахметті тек еліміз жанкүйерлері ғана емес, ресейлік команданың өзі де басты назарда ұстап, үміт күтіп отырған секілді.

Сөзіміздің дәлелі ретінде клубтың жаттығу жұмыстары барысында баспасөз қызметі дайындаған видеоларды айтсақ болады. Команданың әр күнгі жаттығуынан видео шолу дайындауды әдетке айналдырған клуб қызметкерлері футболшылармен бірге жаттығу алаңында жүр.

Осы барыста олар әр футболшыны жеке бақылап, дайындықтарымен танысуда. Біздің Еркебұланды да естен шығармай әр қимылын видеоға жазуда. Кезі келсе бір-екі ауыз сөзбен жағдайын да сұрап қояды. Командаластары оны тек Лео деп атауға дағдыланған секілді.

Төменде, «Уфа» командасының бүгінгі жаттығуынан видео шолу:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер