Әлем футболы

Ван Перси 14 жылдан кейін өз командасына оралды

news-banner7
mobile-news-top

Голландияның «Фейеноорд» командасы клубтің тәрбиеленушісі, даңықты футболшы Рубин Ван Персидің еркін агент ретінде өз еліне қайтып оралғанын мәлімдеді.

Ван Перси 1999 жылы «Фейеноорд» клубына келген. 2004 жылға дейін осы командада 78 ойынға қатысып 22 гол соқты. Осы жылы англиялық «Арсенал» командасына ауысты. Одан кейін 2012 жылы «Манчестер Юнайтедтің», 2015 жылы «Фенербахче» клубының жейдесін киді.

Өзге чемпионаттарда 14 жыл доп тепкен мерген шабуылшы енді өзінің туған командасына оралып отыр. «Фейеноорд» клубымен келесі апта келісімшартқа қол қояды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер