Әлем футболы

Алексис Санчес Манчестер қаласына келді

news-banner7
mobile-news-top

Англия ақпарат құралдарының хабарлауынша, лондондық «Арсенал» командасының шабуылшысы Алексис Санчес Манчестер қаласына келді. Ол жергілікті «Манчестер Юнайтед» клубымен келісімшартқа қол қояды.

Санчес «Арсеналдың» бүгін өтетін «Кристал Пэлас» командасына қарсы кездесуіне шақырту алған жоқ. Осының өзі Лондоннан кететінін айғақтап тұрған секілді. Ақпарат құралдары Алексис кеше командаластарымен қоштасып қойған деп жазуда. Бүгін ол манчестерлік клубтің тексерісінен өтеді.

Санчес сәтті түрде «Манчестер Юнайтедке» ауысатын болса, осымен қатар тағы екі трансфер жүзеге асқалы тұр. Алдымен Генрих Мхитарян, сосын Пьер-Эмрик Обамеянг екеуі де «Арсенал» жейдесін киетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер