«Атырау» командасы хорватиялық қорғаушысын таныстырды

news-banner7
mobile-news-top

«Атырау» футбол клубы кеше хорватиялық қорғаушы Томислав Барбаричпен келісімге қол қойғандарын мәлімдеген еді.

28 жастағы Хорватияның орталық қорғаушысы Загребтік«Динамоның» тәрбиеленушісі. Өзінің туған клубынан бөлек «Истра 1961», «Локомотив», «Сплит», «Рудош», австриялық «Штурм», босниялық «Сараево» және бельгиялық «Кортрейк» командаларының намысын қорғаған. Хорватия ұлттық құрамасы үшін де кездесулер өткізген.

Енді атыраулық клубтің ресми сайты осы қорғаушыларын жанкүйерлеріне таныстырып, оның жасыл алаңда жасындай жарқылдаған сәттерінен видео шолу дайындап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер