Бокс

Серік Сәпиев: Головкин Альваресті нокаутқа түсіруі де мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық танымал боксшы Серік Сәпиев Геннадий Головкиннің соңғы екі жекпе-жегі оңай болған жоқ деп есептейді. Себебі Джейкобс та, Альварес те осал қарсыластар емес. Олимпиада чемпионының айтуынша реваншты ұйымдастыруға екі мәселе кедергі болып отырған көрінеді. Бұл туралы ҚазАқпарат сайты хабарлап отыр.

«Меніңше, 5 мамырда болмаса да, реванш бәрібір ұйымдастырылады. Себебі алғашқы жекпе-жекте олар тең түсті. Екеуі де өз басымдығын дәлелдегісі келеді. Қазір олар реванш бойынша бір шешімге келе алмай жатыр. Жекпе-жекті өткізу орны бар, гонорар бар, осы екі мәселе кедергі болып жатқан сияқты. Дегенмен, промоутерлер бір келісімге келеді деп ойлаймын», - дейді С.Сәпиев.

Геннадий Головкин соңғы екі жекпе-жекті нокаутсыз өткізсе де, оның әлі өз бабында екеніне Серік Сәпиев сенімді. «Геннадий Головкин мексикалық боксшымен тек спарринг кезінде кездескен. Содан бері біраз уақыт өтті. Соңғы жекпе-жекте Гена оның кім екенін және қалай өзгергенін көрді. Енді, бәрін ой елегінен өткізеді. Меніңше, оған көбірек бокстасу қажет. Өйткені алғашқы раундтарда ол мексикалық боксшыны бірден нокаутқа түсіруге тырысты. Соның сәтін іздеді. «Канело» болса, көбірек соққы жасауға күш салды. Меніңше, келесі жекпе-жекте Гена әбден дайын болады. Бәлкім, Альваресті нокаутқа да түсіреді», - деп есептейді Серік Сәпиев.



Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер