Әлем футболы

Месси туралы өте көлемді деректі фильм түсіріледі

news-banner7
mobile-news-top

Испания ақпарат құралдарының хабарлауынша, белгілі «History Channel» телеарнасы Лионель Месси жайлы көлемді деректі фильм түсірмекші. Олар фильмді Әлем чемпионатына дейін көрермен назарына ұсынуды жоспарлап отыр.

2015 жылы Мессидің футболшылық мансабын суреттейін «Лионель Месси» атты құжатты фильм жасалған болатын. Ал осы жолы түсірілгелі отырған фильм футболшы жайлы мәліметтерді бұрынғысынан әлдеқайда толық қамтиды деп күтілуде.

Фильмнің түсірілім жұмыстары басталып кеткен көрінеді. Ұзақтығы 40 сағатқа созылатын көлемді туындының кейбір сәтіне атақты футболшының өзі түседі деп жоспарланып отыр. Фильм Ресейде өтетін Әлем чемпионатынан бұрын көрермендеріне жол тартады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер