«Ертіс» командасы «Лудогорецпен» жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық «Ертіс» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында болгариялық «Лудогорец» командасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Естеріңізде болса, «Лудогорецтің» қазіргі бас бапкері Димитар Димитров осының алдында «Ертіс» клубын баптаған болатын.

«Лудогорец» командасы алғашқы жоспарында Баларусь чемпионы БАТЭ-мен кездеспекші болған. Бірақ, қарсыластары бұл кездесуден бас тартқандықтан қазақстандық клубпен ойын өткізуді ойластырып жатқан көрінеді. Егер келісімге келе алса кездесу 31 қаңтарда өтетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер