Әлем футболы

«Барселонаның» жаңа ойыншылары қандай номерде өнер көрсететіні анықталды

news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» командасы биыл қыста қатарларын екі футболшымен толықтырды. Алдымен «Ливерпульдан» бразилиялық жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньоны сатып алса; көп кешікпей Бразилияның «Палмейрас» клубының колумбиялық қорғаушысы Ерри Минаны да Каталонияға алдыртты.

Енді екі жаңа ойыншының қандай номерде өнер көрсететіні белгілі болып отыр. Анықырақ айтқанда, Коутиньо түркиялық футболшы Арда Тураннан босаған 7-інші номерді киетін болады. Ал Мина 24-інші номерді тағады. Негізі дәл қазір командада бос номер осы екеуі ғана болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер