Футзал

Ұлттық құрамамыз Еуропа чемпионатына дайындықты бастады

news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы қаңтар айының соңында басталатын Еуропа чемпионатына дайындықты бастады.

Бразилиялық маман Какаудың шәірттері Словенияның Любляна қаласында өтетін Еуро-2018 турниріне тыңғылықты дайындалуда. 25 футзалшыдан құралған кеңейтілген тізімінен осы жолғы дайындыққа 17 ойыншы шақырылды. Бірақ, Словенияға олардың 14-і ғана барады.

Сонымен қатар ұлттық құрамамыз 27 қаңтарда Украинамен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Ал Еуропа чемпионатындағы алғашқы ойынымыз 1 ақпанда Польша құрамасына қарсы өтеді. Араға екі күн салып, топтағы екінші қарсыласымыз Ресеймен күш сынасатын боламыз.

Оқу-жаттығу жиынына шақырту алған футзалшылар:

Қақпашылар: Григорий Шамро («Ақтөбе»), Игита («Қайрат»);

Алаңдағы ойыншылр: Арнольд Кнауб, Александр Довгань, Даурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов (Бәрі - «Жетісу»), Серік Жаманқұлов, Лео, Дінмұхамбет Сүлейменов, Шыңғыс Есенаманов, Михаил Першин, Дуглас, Даурен Нұрғожин (Бәрі - «Қайрат»), Павел Таку, Қайрат Иманалин, Альберт Акбаликов (Бәрі - «Ақтөбе»), Антон Рындин («Аят»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер