Жеңіл атлетика

Өскеменде Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты бүгін Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған IV халықаралық турнир өтеді

Бұл жарыс биылғы жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіне енгізілген.

Жыл сайын турнирге қатысуға қызығушылық танытатын елдер көбейіп келеді. Былтырғы жылы Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Қырғызстан, Армения, Малайзия, Қазақстан спортшылары қатысқан.

Үш жылдың ішінде көптеген жоғары нәтижелер тіркелді. Жеке рекордтарын жаңартқан спортшылар да жетерлік. Мысалы, 400 метрге жүгірген Михаил Литвинді айтуға болады. Ал Виктория Зябкина үш жыл қатарынан 60 метрден ешкімге жеңісті берген жоқ. Ал Александра Романова (400 м және 4х400 метрлік аралас эстафета), Әйгерім Шыназбекова (60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Екатерина Эктова (ұзындыққа секіру), Элина Михина (400 м және 4х400 метрлік аралас эстафета), Ирина Эктова (ұзындыққа және үш қарғып секіру), Регина Кайсарова (биіктікке секіру), Михаил Литвин (400 м), Виатлий Земс (60 м), Сергей Тулапин (800 м және 4х400 метрлік аралас эстафета)), Андрей Соколов (400 м және 4х400 метрлік аралас эстафета) екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген.

Ал биыл Украина, Малайзия, Армения, Грузия, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан атлеттері қатысады. Жарыс 20 қаңтар күні 10:00-де басталады.



Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер