«Астана» - «Спортинг» кездесуінің билеттері «Меломан» дүкендерінде сатылады

news-banner7
mobile-news-top

15 ақпан күні «Астана» УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 кезеңі аясында өз алаңында португалиялық «Спортинг» командасын қабылдайды.

Осыдан сәл бұрын бұл кездесудің билттері ticketon.kz сайтында онлайн жүйеде сатылымға шыққан еді. Енді 20 қаңтар, яғни, ертеңнен бастап «Меломан» дүкендер желісінен қолма-қол сатып алуға да болатын болды.

Матч билеттерінің құны 1500 теңге мен 8000 теңге аралығында арнайы санаттарға бөлінген.

Студенттер мен мектеп оқушыларына 50% жеңілдік қарастырылған. Ал зейнеткерлерге (зейнеткер екендігін дәлелдейтін куәлігін көрсеткен жағдайда) ойынға кіру тегін. Ол азаматтарға қолайлы болу үшін стадионның W1 секторы арнайы бөлінген.

Клуб сайтының хабарлауынша бүгінге дейін 8000 билет сатылып кеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер