Бауыржан Жолшиев «Астанаға» оралды

Бауыржан Жолшиев «Астанаға» оралды
news-banner7
mobile-news-top

Бауыржан Жолшиев «Астананың» оқу-жаттығу жиындарына қосылды, деп хабарлайды елордалық клубтің ресми сайты.

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Астана» командасының бұрынғы футболшысы Бауыржан Жолшиев Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан ел чемпиондарының оқу-жаттығу жиынына келіп қосылған.

27 жастағы футболшы алдымен команданың қаралымынан өтеді. Егер ойыны ойдағыдай болып жатса, бұрынғы командасының жейдесін қайта киюге мүмкіндік алатын болады.

«Астана» клубының президенті Саян Хамитжанов Бауыржанға мол сенім артып отыр. Клуб басшысы Жолшиевтан бұрынғы көрсеткен керемет өнерін қайта табады деп үміт күтетінін жасырмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер