Әлем футболы

Зинедин Зидан командадан кетуге бел буды

Зинедин Зидан командадан кетуге бел буды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» командасының бас бапкері Зинедин Зидан маусым соңында қызметінен кетуге бел буды, деп хабарлайды испаниялық «Marca» басылымы.

Мамандардың айтуынша команданың сәтсіз ойыны мен сыртқы әлемнен түскен жан төзгісіз қысым Француз маманын шаршатып жіберген. Ол дәл мынадай қысым астында жұмыс жасаудың қиындығын сезінген көрінеді.

Бірақ, дәл қазір кетсе де Зиданның өкінуіне еш себеп жоқ. Екі жылда командаға сегіз бірдей чемпиондық атақ жеңіп алып берді. Ла лигада жеңімпаз болғанын айтпаған күннің өзінде, қатарынан екі мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алғанының өзі неге тұрады.

Десе де, «Реал Мадрид» сынды клубта табан тереп тұру үшін бұл да жеткіліксіз. Қашан командаға көмектесуге жарамай қаласың, сол кезде орыныңды босатуға тура келеді. Мейлі атақты Зинедин Зидан болсаң да!

Зиданның командасы Ла лигадағы басты қарсыласы «Барселонадан» 19 ұпайға қалып кетті. Чемпиондар лигасы мен Испан кубогындағы жорығын әлі жалғастырда дегеніңізбен, дәл мынадай сүреңсіз ойынымен ұзаққа шабатындарына сену қиын.

Зизудың Королдық клубпен келісімшарты 2018 жылға дейін жасалған. Өзі кейде командамен 2020 жылға дейін келісімім бар деп жүр. Бірақ, біз білгенде екі тарап әлі жаңа шарт жасаса қойған жоқ. Тіпті, аяқталмаған келісім мерзімі бар болған күннің өзінде бұның Зиданды командада алып қалуы екіталай.

“зинедин зидан 2006 реал мадрид”的图片搜索结果

Даңықты ойыншы Зинедин Зидан футболшылық мансабын 2006 жылы дәл осы «Реал Мадрид» сапында аяқтады. Сол кезде оның командамен күшіне ие келісімшарты бар болатын. Германияда өткен Әлем чемпионатын өкінішпен аяқтаған Франция құрамасының капитаны Мадридте жалғасты доп тебе беруіне болар еді. Бірақ, Зидан жарақатына байланысты бутсасын шегеге ілген еді.

Енді 12 жылдан кейін сол жағдай қайталану алдында тұр. 2017 жылғы әлемнің үздік бапкері Зинедин Зидан да қалжыратқан көңіл жарақатына байланысты бапкерлік тізгінін басқаға өткізіп беруі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер