Әлемдік рейтингте Қазақстан Премьер-лигасы Судан мен Македониядан қалып қойды

news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық чемпионаттардың 2017 жылғы қорытынды рейтингі белгілі болды. Бұл тізімде Қазақстан Премьер-лигасы небәрі 43-ші орында. Ал бірінші орынды 12-ші рет Испанияның La лигасы ұтып алды.

Футбол тарихы мен статистикаларының халықаралық федерациясы түзген рейтингте 2017 жылдың үздік чемпионаты атағына Испанияның La лигасы қол жеткізіпті. Екінші орынға Англия Премьер-лигасы орналасса, үздік үштікті Бразилияның А сериясы қорытындылаған. Ресей Премьер-лигасы үздік ондыққа кірсе, Украина чемпионаты 23-ші орыннан көрініп, Қазақстан Премьер-лигасы 43-ші сатыға тұрақтаған. Бір қызығы, біздің алдымызда Тунис (24-орын), Боливия (33), Судан (36), Македония (43) сынды елдердің чемпионаттары тұр. Дегенмен, 2016 жылмен салыстырғанда бес саты жоғары көтеріліппіз.

Жалпы, IFFHS – 1991 жылы құрылған ұйым. ФИФА оны футболдың тарихын түзетін ұйым ретінде мойындайды. Осы аралықта Испания чемпионаты 12 рет үздік атанса, Италияның А сериясы 10 рет рейтингтің жоғары сатысынан көрініп, Англия Премьер-лигасы төрт рет «бәйге алған». Ал Германия Бундес-лигасы бір рет үздік ретінде мойындалыпты. 2010 жылдан бері Испания чемпионаты бас жүлдені ешкімге бермей келеді.

Биыл IFFHS 89 елдің чемпионатын рейтингке енгізген. Өзбекстаннан осы жерде алда екенбіз. Олар 70-ші орында. Ал Әзірбайжан «дамыған елу чемпионаттың» қатарына кірген.

Түпнұсқасы: sportsffa.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер