Әлем футболы

«Реал» Роналдуды 200 млн еуроға сатады

«Реал» Роналдуды 200 млн еуроға сатады
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын англиялық «Манчестер Юнайтед» клубында жалғастыруы мүмкін, деп жазады La Sexta басылымы.

Трансферге «қызл сойқандардың» бас бапкері Жозе Моуриньоның өзі түрткі болып отыр. «Манчестер Юнайтед» Криштиану Роналдуды қатарына қосу үшін 400 миллион еуроға шығындалмақ. Оның тең жартысы трансферге жұмсалады.

Негізі 32 жастағы португалиялық футболшының келісімшарттағы құны 1 миллиард еуроны құрайды. Бұған дейін Роналдуға қытайлық «Тяньцзинь Цюаньцзянь» мен франциялық «ПСЖ» клубтары тарапынан қызығушылықтың бар екені белгілі болған еді.

«Алтын доптың» бес дүркін иегерінің «королдік» командадағы жағдайы мәз емес. Мадридтік команданың жанкүйерлері Роналдудың командадан кеткенін қаласа, клуб президенті Флорентино Перес португалиялық футболшыдан тез құтылудың жолын іздестеруде. Ал Роналдудың, керісінше, клуб президентіне өкпесі қара қазандай. Перес Роналдуға жаңа келісім ұсынып айлығын көтеруді уәде еткенімен сөзінде тұра алмаған.

Биылғы маусымда Роналду «Реал» үшін Испания біріншілігнде бар болғаны төрт ақ гол соққан. Ал Зиданның командасы басты бәсекелесі «Барселонадан» 19 ұпай кем жинаған.

Роналду мансабында «Алтын допты» бес мәрте жеңіп алған. «Реалдың» тарихындағы ең үздік сұрмергені. Мадридтік ұжымның сапында өткізген 418 ойында 422 мәрте көзге түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер