Әлем футболы

«Реалдың» жанкүйерлері Роналдудың командадан кеткенін қалайды

news-banner7
mobile-news-top

«Реал» Роналдудан құтылудың жолын іздеуде

Мадридртік As басылымының оқырмандары Криштиану Роналдудың «Реалдан» кеткенін қалайды.

Сауалнамаға қатысқан 125 мың адамның 67,5% португалдық футболшының командадан кеткенін қалайды екен.

Роналду мансабында «Алтын допты» бес мәрте жеңіп алған. «Реалдың» тарихындағы ең үздік сұрмергені. Мадридтік ұжымның сапында өткізген 418 ойында 422 мәрте көзге түскен.

Осыған дейін, «Реал» клубының президенті Флорентино Перес команданың соңғы жеңілісінен кейін ойыншыларға деген өтпесі қара қазандай екені белгілі болған. Тіпті өзінің айналасындағыларға алдағы жазда командадан тоғыз бірдей ойыншыны қуып жіберетінін хабарлаған. Перестің «қара тізіміне» енгендердің көшін Криштиану Роналду бастап тұр. Перес Роналдудың үнемі айлығын көтер деген талабынан шаршағанға ұқсайды. Бэйл мен Бензема да президенттің көңілінен шықпағандар қатарында. Бұл үштіктен өзге тізімде Начо, Марсело, Навас, Хакими, Модрич және Варан бар көрінеді.

Мадридтік клуб басшысының ойыншыларға көңілі толмағанымен бас бапкер Зиданға толықтай сенім артып отыр. Сол себепті алдағы жазда Зиданға жаңа команда құру мүндетін жүктемекші.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер