ЕҰУ ректоры футболдың қоғамдағы маңызы туралы айтты

news-banner7
mobile-news-top

Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ректоры Ерлан Сыдықов университет базасында «футбол жаттықтырушысы» мамандығын енгізу идеясын қолдап, спорттың осы түріне қатысты көзқарасын білдірді:

- Спорт – индустрия. Оны жоғары деңгейге ғылым, әдістеме және дайындықсыз көтеру мүмкін емес. Көптеген ғылыми ізденістер қажет. Оның ішінде адами ресурстар да бар. Футболдың арқасында Қазақстанды баршы әлем тани алады. Мәселен, 90-жылдары біздің ұлттық құрама сырт алаңда Жапониямен ойнады. Бұл елдің халқы сол уақытқа дейін Қазақ елі туралы аса біле қоймады. Тоқсан минуттың ішінде жапон халқы Қазақстанды мойындады.

Біздің университетте «футбол жаттықтырушысы» мамандығын енгізу жобасына келсек, менің ойымша, бұл – өте жақсы идея. Отандық бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету қажет. Олардың білім алуына жағдай жасау міндет. Кейін осы бапкерлер біздің балаларымызды футбол ойнауға үйретеді. Бұл дегеніңіз, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Футбол – спорттың кең таралған түрі ретінде әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік маңызды рөлді атқарып келеді, - дейді Ерлан Сыдықов.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев және Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ректоры Ерлан Сыдықпен кездесуі өтті. Жиында Еуразия Ұлттық Университеті жанында дене шынықтыру және спорт кафедрасында «футбол жаттықтырушысы» мамандығын енгізу мәселесі талқыланды. Студенттер екі жылдық дәрістен кейін өз мамандығын таңдай алады. Қалған екі курсты спорттың осы түріне меңгеруге бет бұрып, терең білім және болашақта футбол жаттықтырушысы болуға мүмкіндік алады.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер