Сергей Малый: «Cпартак» командасынан қарымта қайтарсақ дейміз

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» БАӘ-де алдағы маусымға және УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 кезеңіне дайындалып, оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқандығына бір аптадан асты.

Оқу-жаттығу жиынының қалай өтіп жатқандығын елордалық команда қорғаушысы Сергей Малый клубтың баспасөз қызметіне айтып берді:

- Оқу-жаттығу жиыны жоспарға сай өтіп жатыр. Бұл дайындық алдағы ұзақ маусымға салынып жатқан іргетес іспеттес.

- Команда алда мәскеулік"Спартак" командасына қарсы кездесу өткізеді. Екі команда 2016жылы кездескен болатын. Сіз сол кездесуде алаңға шыққан едіңіз. Екі жыл бұрынғы кеткен есені қайтару ойларыңызда бар ма?

- Әрине, қарымта қайтарғымыз келеді. Дегенмен, бірінші кезекте бұл ойынның оқу-жаттығу жиыны барысындағы жолдастық кездесу екендігін айта кеткен жөн. Сол себепті, бұл матчта бапкерлер құрамының ойынға берген тапсырмасын толықтай орындап шығу маңызды.

- Жаңа жылдың алдында «Астана» футболшылары Елбасыға елордалық команданы Еуропа Лигасының көктемгі кезеңіне шағарған допты сыйлап, арнайы кездескен болатын. Сол ойыншылардың қатарында Сіз де болдыңыз. Ол кездесуден қандай әсер алдыңыз?

- Бұл мен үшін үлкен абырой болды. Елбасымен болған кездесу естен кетпес естеліктерге толы болды.

- Қысқы үзіліс кезінде Роман Мұртазаевпен бірге теннис ойнап жатқан суреттеріңіз әлеуметтк желіде жарияланған болатын. Теннистегі жетістіктеріңіз қалай?

- Қысқы үзілісте физикалық форманы сақтау аса маңызды. Менің ойымша, теннис ойындары бұлшық еттерді жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Теннистегі табыстарға келер болсақ, футболдағы ойыным сияқты әлі де өте көп жұмыс істеуім керек.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер