Бокс

Алматыда қыздар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Қаңтардын 23-і мен 27-і аралығында алып шаһарда қыздар арасында Қазақстан біріншілігінің жалауы желбірейді.

Жарыс мамандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде (Ақсай ықшам ауданы-1, 10-шы үй) ұйымдастырылады. Чемпионат AIBA ережелерімен бекітілген 10 салмақ дәрежелері бойынша өтеді: 48, 51, 54, 57, 60, 64, 69, 75, 81, +81 кг.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медальдармен марапатталады. Сонымен қатар, «Үздік техника үшін», «Жеңіске деген жігері үшін» және «Үздік төреші» номинациялары бойынша сыйлықтар табысталады.

Бұл чемпионаттың басты мақсаты еліміздегі спорттың бокс түрін нәсихаттау және бұқаралық дамыту, сонымен қатар, жастар (қыздар) арасындағы Қазақстан құрама командасын жасақтау үшін мықты боксшыларды айқындау болып табылады.

Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы қаласының бокс федерациясының қолдауымен өткізіледі.

Жарыстың ашылу салтанаты: 23-ші қаңтар сағат 14:30-да.

Спортшылардың салмақ өлшеу рәсімі: күнделікті сағат 08:00-ден 09:00-ге

Күнделікті жарыс: 12:00 басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер